url | Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
1554 | | 1 | Ақоба ауылдық округі | Атау жер бедеріне орай берілген. Байырғы атау. «Оба» –топырақтың үйіндісі. Топырақ түсіне қарап «ақ», «қара», «қызыл» оба болып тіркесіп келе береді. | Ауылдық округ | |
1555 | | 2 | Борсы ауылдық округі | «Борсы» атауы о баста көлдің аты ретінде қалыптасқан. Негізінен қар мен жаңбыр суымен толыққан. Соған орай жаздың ыстық айларында тартылып суы ескіріп тұратын кездері болған. Атаудың мән-мағынасы осыдан. Жағалай орналасқан елді мекен де солай аталған. | Ауылдық округ | |
1556 | | 3 | Жақсыбай ауылдық округі | Адамның тегіне байланысты берілген атау. Нақты деректер анықталмай отыр. | Ауылдық округ | |
1557 | | 4 | Күйгенкөл ауылдық округі | Тарихи атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Ауылдық округ | |
1558 | | 5 | Қамысты ауылдық округі | Тарихи атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Ауылдық округ | |
1559 | | 6 | Тау ауылдық округі | Тарихи атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Ауылдық округ | |
1560 | | 7 | Талов ауылдық округі | Орыс тілдегі атау. О баста «тал» деген түркі сөзінен пайда болған (мысалы, ақтал, қызылтал, қаратал, бұта талдар). | Ауылдық округ | |
1561 | | 8 | Ұзынкөл ауылдық округі | Тарихи атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Ауылдық округ | |
1562 | | 9 | Тегісшіл | Тарихи атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. Елді мекен атауы «Шіл» құсының атына байланысты пайда болды деген жорамал бар. | Елді мекендер | |
1563 | | 10 | Ақадыр | Тарихи атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. Негізгі сөз төркіні – «адыр» сөзі | Елді мекендер | |
1564 | | 11 | Қамысты | Тарихи атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
1566 | | 12 | Жігер | Мемлекеттік тілдегі атау. Атау күш-қайрат мағынасын білдіретін жалпы есім. Өзектілігі – тұрақты. | Елді мекендер | |
1573 | | 13 | Ғ.Қараш | Көше атауы 2015 жылы ойшыл, ақын-ағартушы, публицист Ғұмар Қараштың құрметіне берілген | Көше | |
1574 | | 14 | Р.Егізбаев | Көше атауы 2015 жылы мемлекет қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаевтың құрметіне берілді | Көше | |
1576 | | 15 | М.Ықсанов | Көше мемлекеттік қайраткер, компартия комитетінің 1-ші хатшысы, «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың құрметіне аталған. | Көше | |
5796 | | 16 | Жәнібек ауданы кіре берістеріндегі сілтемелер | | | |
5859 | | 17 | Абай | Көше атауы 2006 ж. қазақтың ойшыл ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың құрметіне берілген.
| Көше | |
5860 | | 18 | Бейбітшілік көшесі | «Бейбітшілік» атауы ҚР азаматтарының достығының белгісі ретінде берілген
| Көше | |
5861 | | 19 | Нүрпейісова көшесі | Көше атауы 2006 жылы атақты күйші Дина Нүрпейісованың құрметіне берілді.
| Көше | |
5862 | | 20 | Мәметова көшесі | Көше атауы 2006 жылы Ұлы Отан сығының батыры Мәншүк Мәметованың құрметіне берілді.
| Көше | |
5863 | | 21 | Е.Ниеткалиев көшесі | Көше Кеңес Одағының батыры, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалінің иегері Нетқалиев Ерденбек Ниетқалиұлының құрметіне берілген. | Көше | |
5864 | | 22 | Т.Масин көшесі | Көше атауы жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының майоры, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Темір Жантекеұлы Масиннің құрметіне 2009 жылы берілген | Көше | |
5865 | | 23 | Х.Чурин көшесі | Көше Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Хамид Дәулетұлы Чуриннің құрметіне берілді. | Көше | |
5866 | | 24 | М.Өтемісов көшесі | Көше қазақтың әйгілі ақыны, жалынды жыршы Махамбет Өтемісұлының құрметіне берілген
| Көше | |
5887 | | 25 | Абдрахманов көшесі | ҰОС ардагері. 1954-1960жж тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысқан озат механизатор- комбайншы. Ленин орденінің иегері | Көше | |
5888 | | 26 | Б.Жәнекешов көшесі | Атау ақын, Қазақ өлкелік соғыс комиссариатының
саяси комиссары, 1919 жылы Қазақтың 1 - үлгілі атты әскер полкінің сапында ақ гвардияшылардың тұрақты әскери бөлімдерін талқандауға қатысқан Жәнекешов Бисеннің құрметіне берілді.
| Көше | |
5889 | | 27 | Жеңіс көшесі | ҰОС кезіндегі жеіңіске жетуді есте сақтау мақсатында қойылды. | Көше | |
5890 | | 28 | А.Иманов көшесі | Көше қазақ халқының батыры, Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Үдербайұлы Имановтың есімімен аталады. | Көше | |
5891 | | 29 | Қ.Мусин көшесі | Көше атақты сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Композиторлар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Қапан Әубәкірұлы Мусиннің атымен аталады | Көше | |
5892 | | 30 | А.Оразбаева көшесі | Көше мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әйелінің теңдігі жолында күрескер Алма Дінмұхамедқызы Оразбаеваның атымен аталған | Көше | |
5893 | | 31 | Т.Жароков көшесі | Көше ақын, аудармашы, екі мәрте «Еңбек Қызыл ту» ордені мен «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ҰОС ардагері Тайыр Жароковтың есімімен аталады. | Көше | |
5894 | | 32 | А.Тайманов көшесі | Көше аты математик-ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ғылым академиясының академигі, КСРО Оқу ағарту ісінің үздігі Асан Дабысұлы Таймановтың құрметіне берілген. | Көше | |