url | Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
5838 | | 1 | Р.Егізбаев көшесі | Көше атауы мемлекет қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, соғыс және еңбек ардагері Рахметолла Сүйіндікұлы Егізбаевтың құрметіне берілді | Көше | |
5839 | | 2 | Ғ.Қараш көшесі | Көше атауы 2015 жылы ойшыл, ақын-ағартушы, публицист Ғұмар Қараштың құрметіне берілген | Көше | |
5840 | | 3 | М.Ықсанов көшесі | Көше мемлекеттік қайраткер, компартия комитетінің
1-ші хатшысы, «Ленин», «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың құрметіне аталған.
| Көше | |
5841 | | 4 | Тәуелсіздік көшесі | Атау 2015 жылы Еліміздің тәуелсіздігінің құрметіне берілді. | Көше | |
5842 | | 5 | Достық көшесі | «Достық» атауы ҚР азаматтарының өзара жауапкершілігі пен қамқорлығының, рухани жақындығының белгісі ретінде берілген | Көше | |
5843 | | 6 | Х.Чурин көшесі | Көше Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Хамид Дәулетұлы Чуриннің құрметіне берілді. | Көше | |
5844 | | 7 | Н.Қуанышқалиев көшесі | Көше атауы Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі, II, III дәрежелі Еңбек даңқы ордендерінің иегері, Қазақ ССР ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ниетқали Куанышкалиевтың құрметіне 2000 жылы берілді. | Көше | |
5845 | | 8 | Жастар алаңы көшесі | Атау жергілікті орында жас отбасылардың жиі орнығуына орай 2000 жылы берілді. | Көше | |
5846 | | 9 | Жаңақұрылыс көшесі | Атау жаңа бастама мағынасын білдіретін жалпы есім. Атау 2000 жылы берілді | Көше | |
5847 | | 10 | Бейбітшілік көшесі | «Бейбітшілік» атауы ҚР азаматтарының достығының белгісі ретінде берілген
| Көше | |
5848 | | 11 | Мектеп көшесі | Атау әлеуметтік маңызы бар мекеме ғимаратының орналасуына орай 2000 жылы берілген.
| Көше | |
5849 | | 12 | Қ.Телағысов көшесі | Көше атауы Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісінің иегері Қадірбай Телағысовтың құрметіне 2000 жылы берілді. | Көше | |
5850 | | 13 | Ұзынкөл көшесі | Көше аты осындай атаудағы елді мекеннің құрметіне орай берілген. | Көше | |