url | Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
1155 | | 1 | Сайқын ауылдық округі | Қалмақ тіліндегі атау. «Әдемі» деген мағынаны беретін қалмақтың сөзінен алынған. Ономаст ғалым Ә.Әбдірахманов бұл топонимді қалмақтың «сәәхн» деген сөзінен шыққан деп есептейді. | Ауылдық округ | |
1156 | | 2 | Орда ауылдық округі | Атау Хан ордасы ауылында орналасуына байланысты берілген | Ауылдық округ | |
1157 | | 3 | Бисен ауылдық округі | Ақын, Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы Жәнекешов Бисеннің құрметіне берілген. | Ауылдық округ | |
1158 | | 4 | Темір Масин ауылдық округі | Қызыл Армиясының майоры, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Темір Жантикеұлы Масиннің құрметіне берілген. | Ауылдық округ | |
1159 | | 5 | Мұратсай ауылдық округі | Мемлекеттік тілдегі атау. Сол жерді мекендеген адамның есімімен байланысты аталған. | Ауылдық округ | |
1160 | | 6 | Ұялы ауылдық округі | Мемлекеттік тілдегі атау. Қоршаған ортаның физика-географиялық қасиетін көрсететін топоним. | Ауылдық округ | |
1161 | | 7 | Саралжын ауылдық округі | Монғол тілінен енген атау. Өсімдік атауынан қалыптасқан топоним. | Ауылдық округ | |
1162 | | 8 | Сайқын ауылы | Қалмақ тіліндегі атау. «Әдемі» деген мағынаны беретін қалмақтың сөзінен алынған. Ономаст ғалым Ә.Әбдірахманов бұл топонимді қалмақтың «сәәхн» деген сөзінен шыққан деп есептейді. | Елді мекендер | |
1163 | | 9 | Шоңғай ауылы | Кірме сөз, қалмақ тілінен енуі ықтимал. Мағынасы көмескі. | Елді мекендер | |
1164 | | 10 | Мәмбет ауылы | Кірме атау, араб тілінен енген. «Мақтаулы, мадақтаулы» деген мағынаны білдіреді. | Елді мекендер | |
1165 | | 11 | Жәрмеңке ауылы | Қазақ тілінің үндестік заңдылығына бағынып, орыс тілінен енген атау. Осы жерде Жәңгір ханның жылына екі рет (көктемде, күзде) жәрмеңке өткізіп тұруына байланысты қалыптасқан атау. | Елді мекендер | |
1166 | | 12 | Хан ордасы ауылы | Қазақ тіліндегі күрделі сөзден қалыптасқан атау. 1826 ж. Жәңгір ханның ұйғарымымен және тікелей басшылығымен салынған хан ордасымен байланысты қалыптасқан тарихи атау. | Елді мекендер | |
1167 | | 13 | Қарасу ауылы | Карасу өзенінің атауымен үндес | Елді мекендер | |
1168 | | 14 | Сейтқали ауылы | Жалқы есімнен қалыптасқан атау. Қоғам қайраткері Сейтқали Меңдешевтің есіміне байланысты қалыптасқан атау. | Елді мекендер | |
1169 | | 15 | Макар ауылы | Кірме жалқы есім. Макар ауылының атауы сол жерді мекен еткен Макар деген байдың есімімен аталған. | Елді мекендер | |
1170 | | 16 | Үштерек ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Атау жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты қойылған. | Елді мекендер | |
1171 | | 17 | Бисен ауылы | Ақын, Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы Жәнекешов Бисеннің құрметіне берілген. | Елді мекендер | |
1172 | | 18 | Жамбыл ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау, жалқы есімнен қалыптасқан. | Елді мекендер | |
1173 | | 19 | Көктерек ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Атау жергілікті жердің табиғи ерекшелігіне байланысты қойылған. | Елді мекендер | |
1174 | | 20 | Жиекқұм ауылы | Мемлекеттік тілдегі, біріккен сөзден қалыптасқан атау. Атау жергілікті жердің табиғи ерекшелігіне байланысты қойылған | Елді мекендер | |
1175 | | 21 | Мұратсай ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Сол жерді мекендеген адамның есімімен байланысты аталған. | Елді мекендер | |
1176 | | 22 | Тайғара ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау, күрделі сөзден қалыптасқан. Атау жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты қойылған. | Елді мекендер | |
1177 | | 23 | Әжен ауылы | Мағынасы көмескі атау. Жергілікті жерді мекен етуші осы аттас адамның есіміне байланысты қалыптасқан. | Елді мекендер | |
1178 | | 24 | Бөрлі ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Тағы аң атының (бөрі) қатысымен қалыптасқан зоотопоним. | Елді мекендер | |
1179 | | 25 | Тереңқұдық ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Қоршаған ортаның физика-географиялық қасиетін көрсететін топоним. | Елді мекендер | |
1180 | | 26 | Ұялы ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Қоршаған ортаның физика-географиялық қасиетін көрсететін топоним. | Елді мекендер | |
1181 | | 27 | Кеңой ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Қоршаған ортаның физика-географиялық қасиетін көрсететін топоним. | Елді мекендер | |
1182 | | 28 | Саралжын ауылы | Монғол тілінен енген атау. Өсімдік атауынан қалыптасқан топоним. | Елді мекендер | |
1183 | | 29 | Бескөл ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Қоршаған ортаның геофизикалық ерекшелігін сипаттайтын топоним. | Елді мекендер | |
1191 | | 30 | Х.Чурин көшесі | Көше Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Хамид Дәулетұлы Чуриннің есімімен аталады. | Көше | |
1193 | | 31 | Ы.Берғалиев көшесі | Көше атауы мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға қатынасқандардың бірі Берғалиев Ыдырыстың құрметіне берілген. | Көше | |
1194 | | 32 | М.Насимуллин көшесі | Көше атауы соғыс және еңбек ардагері Насимуллин Мұраттың құрметіне берілген. | Көше | |
1195 | | 33 | М.Абдолов көшесі | Көше атауы соғыс және еңбек ардагері Абдолов Майдуктың құрметіне берілген. | Көше | |
1196 | | 34 | Ғ.Бөкейханов көшесі | Көше атауы мемлекет қайраткері, күйші Бөкейханов Ғабдол-Хакім Нұрмұхамедұлының құрметіне берілген. | Көше | |
1197 | | 35 | Р.Егізбаев көшесі | Көше атауы жергілікті басшы, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Егізбаев Рахметолла Сүйіндікұлының құрметіне берілген. | Көше | |
1198 | | 36 | Қазақстан көшесі | Көше атауы Тәуелсіз еліміз, Отанымыздың атауымен аталған. | Көше | |
1199 | | 37 | Ә.Жангельдин көшесі | Көше атауы Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күрестің көрнекті басшысы, республиканың мемлекет қайраткері, кіші әлем саяхатын жасаған жиһанкез Әліби Тоқжанұлы Жанкелдиннің құрметіне берілген. | Көше | |
1200 | | 38 | Ә.Молдағұлова көшесі | Кеңес Одағының батыры, мерген, қазақтың қайсар қызы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың құрметіне берілген көше атауы | Көше | |
1201 | | 39 | А.Құсайынов көшесі | Көше атауы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер Ахмедияр Хұсайыновтың құрметіне берілген. | Көше | |
1202 | | 40 | Бейбітшілік көшесі | Көше атауы мемлекеттік тілдегі, дерексіз зат есіммен берілген. | Көше | |
1203 | | 41 | Орда көшесі | Орда – Бөкей ордасы ауданының бұрынғы атауы Орда ауданының құрметіне көшеге «Орда» атауы берілді. | Көше | |
1204 | | 42 | Б.Жәнекешев көшесі | Көше атауы ақын, Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы Жәнекешов Бисеннің құрметіне берілген. | Көше | |
1205 | | 43 | Жамбыл көшесі | Көше атауы Қазақ халқының жалынды жыршысы, сталиндік сыйлықтың екінші дәрежелі лауреаты Жамбыл Жабаевтың құрметіне аталған. | Көше | |
1206 | | 44 | Ғ.Әзербаев көшесі | Көше атауы азамат және Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер Әзербаев Ғұсман Нығметұлының құрметіне берілген. | Көше | |
1207 | | 45 | М.Мәметова көшесі | Көше атауы Кеңес Одағының батыры, қаһарман қазақ қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың құрметіне берілген. | Көше | |
1210 | | 46 | С.Меңдешев көшесі | Көше атауы қоғам және мемлекет қайраткері Сейітқали Меңдешұлы Меңдешевтің құрметіне берілген. | Көше | |
1218 | | 47 | А.Тәжетдинов көшесі | Көше атауы ағартушы, педагог, өлкетанушы, Бөкей Ордасы мұражайын ұйымдастырушы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Тажетдинов Ахметфайыз Жүсіпұлының құрметіне берілген. | Көше | |
1222 | | 48 | Н.Қуанышқалиев көшесі | Көше атауы «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «II, III дәрежелі Еңбек даңқы» ордендерінің иегері, Қазақ ССР ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ниетқали Куанышкалиевтың құрметіне орай берілді. | Көше | |
1223 | | 49 | Мектеп көшесі | Мемлекеттік тілдегі атау, көшеде орналасқан негізгі нысанға байланысты берілген. | Көше | |
1229 | | 50 | Қ.Жұмағалиев көшесі | Көше атауы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұмағалиев Қайраттың құрметіне берілген. | Көше | |
1231 | | 51 | Комплекс көшесі | Орыс тіліндегі атау. Қазақ тіліндегі мағынасы – «кешен». | Көше | |
1233 | | 52 | Үш құдық көшесі | Мемлекеттік тілдегі атау. Көше атауы осы мекендегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты берілген. | Көше | |
1238 | | 53 | Склад көшесі | Орыс тіліндегі атау, қазақша баламасы – «қойма». | Көше | |
1241 | | 54 | 1986 жылғы желтоқсан көшесі | Көше атауы қазақ тарихындағы белгілі оқиғаға байланысты қойылған. | Көше | |
1258 | | 55 | Абай көшесі | Көше атауы қазақтың Ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлының құрметіне берілген. | Көше | |
5793 | | 56 | Бөкейордасы ауданы кіре берістеріндегі сілтемелер | | | |