url | Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
1427 | | 1 | Мұратбаев көшесі. | Шығыстың жарық жұлдызы, Орта Азия және Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі, ұстаз, ағартушы Ғани Мұратбаевтың құрметіне аталған | Көше | |
1428 | | 2 | Бейбітшілік көшесі. | «Бейбітшілік» атауы Қазақстан Республикасы азаматтарының достығының белгісі ретінде берілген | Көше | |
1429 | | 3 | Абай көшесі. | Көше атауы қазақтың Ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының құрметіне берілген. | Көше | |
1430 | | 4 | Мұхит көшесі. | Халық композиторы, күйші, домбырашы, Мұхит Мерәліұлының құрметіне берілген | Көше | |
1431 | | 5 | Аманшин көшесі. | Қаратөбе ауданындағы Бетпақкөл ауылында дүниеге келген Қаратөбе мақтанышы ақын, драматург, Қазақстанның баспасөз, мәдениет саласында жауапты қызметтер атқарған Беккайыр Аманшин құрметіне берілген | Көше | |
1432 | | 6 | Құрманғалиев көшесі. | Бұл көше танымал опера әншісі, композитор, актер, музыкалық суретші және оқытушы, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақ даласының орфейі» Ғарифулла Құрманғалиевтің құрметіне аталған | Көше | |
1433 | | 7 | Құрманғазы көшесі. | Көше Қазақтың ұлы күйші-композиторы, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының құрметіне берілген | Көше | |