url | Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
1386 | | 1 | Алтын ғасыр көшесі. | Ономастика комиссиясының қорытындысы бойынша 2015 жылғы шешімімен, мекеннің болашағына, өсіп өркендеуіне деген ізгі тілекпен қайта аталды. | Көше | |
1387 | | 2 | Қажым Жұмалиев көшесі. | Ақын, жазушы, абайтанушы, әдебиеттанушы, ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Қажым Жұмалиевтың құрметіне аталған. | Көше | |
1388 | | 3 | Жамбыл Жабаев көшесі. | Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың құрметіне аталған. | Көше | |
1389 | | 4 | Берқайыр Аманшин көшесі | Қаратөбе ауданы Батбақкөл ауылында дүниеге келген-ақын, жазушы, драматург, аудармашы, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы Берқайыр Аманшинның құрметіне аталған. | Көше | |
1390 | | 5 | Мұқағали Мақатаев көшесі. | Көше атауы қазақтың ақиық ақыны, лирик, аудармашы Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың құрметіне берілген | Көше | |
1391 | | 6 | Абай Құнанбаев көшесі | Көше атауы қазақтың Ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының құрметіне берілген. | Көше | |