url | Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
2725 | | 1 | Алғабас ауылдық округі | Алғабас ауыл іргіесі 1934-1935 жылдары қаланған, ауылдық округ. Ауыл атауы «Қызыл ту» колхозы шаруашылықтарға таратылғаннан кейін берілген ауыл атауы 1997 жылы колхоз таратылып, «Алғабас» ауылдық округ атауы берілген. | Ауылдық округ | |
2726 | | 2 | Аралтөбе ауылдық округі | 1929 жылы №45 Жымпты совхозына қарасты Аралтөбе, Тасқұдық, Бұлдырты шаруашылықтар болған. 1934 жылы 1 маусымда Жымпиты совхозымен аталып, кейін Аралтөбе атауы ауылдық округке, ауыл атауына да берілген. | Ауылдық округ | |
2727 | | 3 | Бұлан ауылдық округі | Мемлекеттік тілдегі атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Ауылдық округ | |
2728 | | 4 | Бұлдырты ауылдық округі | Жалтыркөлге құятын өзен және елді – мекен аты. Бұл атау түркі – моңғол тіл бірлестігі кезеңінен бері осы күнге шейін қолданылып келе жатыр. | Ауылдық округ | |
2729 | | 5 | Елтай ауылдық округі | Тасқұдық совхозының қазіргі аталып келе жатқан округтік атауы. Адамның атына байланысты берілген атау. Нақты деректер анықталмай отыр. | Ауылдық округ | |
2730 | | 6 | Жетікөл ауылдық округі | Сырым ауданы, Жетікөл ауылдық округі орталығының бұрынғы атауы. Жетікөл атауы ауылдан 5 – 6 шақырым жерде орналасқан Ақкөл, Қамыстыкөл, Жусандыкөл, Бұдыркөл, Төрекөл, Салықкөл көлдеріне байланысты қойылған. | Ауылдық округ | |
2731 | | 7 | Жосалы ауылдық округі | Бұл атау өңірде түрлі – түсті топырақ – жосаның көп кездесуіне байланысты пайда болған. | Ауылдық округ | |
2732 | | 8 | Жымпиты ауылдық округі | Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы орталығының атауы. Жымпиты топонимі түркі – моңғол тіл бірлестігі кезеңінде қалыптасқан. | Ауылдық округ | |
2733 | | 9 | Шағырлыой ауылдық округі | Округ құрамына Шағырлыой, Жаңақоныс, Көздіқара, Қызыл таң елді мекендері кіретін аудандағы ірі ауылдық округтердің бірі. Тарихтық атау. Жерінің географиялық сипатына қарай қойылғандығы белгілі. БҚО әкімдігінің 01.03.2007 ж №54 қаулысына сай Коминтерн ауылы Шағырлыой атауына өзгертілген | Ауылдық округ | |
2734 | | 10 | Талдыбұлақ ауылдық округі | Мемлекеттік тілдегі атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Ауылдық округ | |
2735 | | 11 | Шолақаңқаты ауылдық округі | Шолақаңқаты ауылдық округі Шалқар көлі алабына жататын өзен атауына қойылған. | Ауылдық округ | |
2736 | | 12 | Қособа ауылдық округі | Мемлекеттік тілдегі атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Ауылдық округ | |
2737 | | 13 | Алғабас ауылы | Алғабас ауыл іргіесі 1934-1935 жылдары қаланған, ауылдық округ орталығы. Ауыл атауы «Қызыл ту» колхозы шаруашылықтарға таратылғаннан кейін берілген ауыл атауы 1997 жылы колхоз таратылып, «Алғабас» ауылдық округ атауы және ауыл атауы берілген . | Елді мекендер | |
2738 | | 14 | Жаңаөңір ауылы | Сырым ауданы, Алғабас ауылдық округіндегі елді – мекен атауы. 1980 жылы тың жерден, колхоз құрылып, жаңадан ашылған, ауыл атауы соған байланысты шыққан. | Елді мекендер | |
2739 | | 15 | Сасықкөл ауылы | Сырым ауданы, Алғабас ауылдық округіндегі көл атауы. 1949 жылы Ақырап колхозы құрылған, Сасықкөл атауымен үндес. | Елді мекендер | |
2740 | | 16 | Аралтөбе ауылы | Аралтөбе ауылдық округі орталығының атауы. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
2741 | | 17 | Қызылағаш ауылы | Аралтөбе ауылдық округіндегі елді – мекен атауы. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
2742 | | 18 | Бұлан ауылы | Жымпиты совхозына қарасты 6 ферманың бірі Бұлан деп аталған. Кейін XXII партсьезд аталып кеңшардын бөлімшесі аталған. 18 ғасырда Байбақты руының биі болған Бұлан Қаралушының есіміне берілген . 01.04.2010ж. №4 ауылдық округ шешімімен берілген | Елді мекендер | |
2743 | | 19 | Жамбыл ауылы | Округке қарасты Жамбыл ауылының іргетасы 1957 жылы 3-4 колхоз біріктіріліп, Жымпиты совхозының №3 фермасы болған. Кейін Жамбыл Жабаевтың ауыл атауы қойылған. 01.04.2010ж. №4 ауылдық округ шешімімен берілген | Елді мекендер | |
2744 | | 20 | Аққұдық ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
2745 | | 21 | Бұлдырты ауылы | Тарихи атау. Түркі – моңғол тіл бірлестігі кезеңінде қалыптасқан. | Елді мекендер | |
2746 | | 22 | Жарқамыс ауылы | Округке қарасты елді – мекен атауы. Жарқамыс деп биік болып өсетін қамысты атайды. Табиғи ерекшелігіне байланысты берілген. | Елді мекендер | |
2747 | | 23 | Көгеріс ауылы | Мемлекеттік тілдегі атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
2748 | | 24 | Қарақұдық ауылы | Бұлдырты ауылдық округіндегі елді–мекен атауы. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
2749 | | 25 | Алатау ауылы | Қазіргі Тасқұдық ауылдық округінде орналасқан бөлімше атауы. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған | Елді мекендер | |
2750 | | 26 | Тасқұдық ауылы | Тасқұдық совхозының қазіргі аталып келе жатқан округтік атауы. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған | Елді мекендер | |
2751 | | 27 | Ақоба ауылы | Қосаралауылдық округіне қарасты ауыл. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған | Елді мекендер | |
2752 | | 28 | Жетікөл ауылы | Жетікөл ауылдық округі орталығының бұрынғы атауы. Жетікөл атауы ауылдан 5 – 6 шақырым жерде орналасқан Ақкөл, Қамыстыкөл, Жусандыкөл, Бұдыркөл, Төрекөл, Салықкөл көлдеріне байланысты қойылған. | Елді мекендер | |
2753 | | 29 | Қосарал ауылы | Жетікөл ауылдық округі орталығының атауы. Бұлдырты өзені жағалауында, бозғылт қоңыр, сортаңдау топырақты шөлейтті белдемеде орналасқан. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
2754 | | 30 | Былқылдақ ауылы | Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған | Елді мекендер | |
2755 | | 31 | Кеңащы ауылы | Жосалы ауылдық округіне қарасты елді – мекен.Бұл кең аймақтың топырағы сор, яғни минералды тұздарға бай болуына байланысты Кеңащы деп аталады. | Елді мекендер | |
2756 | | 32 | Тамды ауылы | Жосалы ауылдық округіндегі елді – мекен атауы. Бұл ауыл Бұлдырты өзенінің бір сағасы Тамды бойында орналасқандықтан солай аталған. Бұл жер ертеде Атойнақ деп аталған. 1825 – 1830 жылдары масқар руының атойнақ бөлімінің келіп, қоныс тебуіне байланысты шыққан атау. | Елді мекендер | |
2757 | | 33 | Қоңыр ауылы | Қоңыр деп аталу себебі қазіргі Атырау облысының Индер, Қызыл қоға аудандарында мекен еткен масқар руы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Ақжайық, Сырым аудандарына орналасқан. Масқар руының қоңыр бөлімі осы жерге келіп, қоныс тепкен. | Елді мекендер | |
2758 | | 34 | Бірінші Май ауылы | 1 мамыр-елдің бірлігі үшін ауызекі аталып, 2017 жылдан бастап Саралжын ауыл атауына өзгерді. | Елді мекендер | |
2759 | | 35 | Жымпиты ауылы | Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы орталығының атауы. Жымпиты топонимі түркі – моңғол тіл бірлестігі кезеңінде қалыптасқан. | Елді мекендер | |
2760 | | 36 | Өлеңті ауылы | Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы территориясындағы өзен. Өлең және ті (туынды сын есімнің көнерген тұлғасы, бір нәрсенің табиғатта бар екендігін білдіреді) тіркестерінен жасалған атау. | Елді мекендер | |
2761 | | 37 | Жаңақоныс ауылы | Округке қарасты елді – мекен атауы. Ауыл жаңа орынға, жаңа қонысқа салынуына байланысты солай аталды. Бұрынғы атауы 1972 жылға дейін «Социализм» болған. Социализмге дейін ол жер «Қоға» деп аталған. | Елді мекендер | |
2762 | | 38 | Көздіқара ауылы | Сарыой округіне қарасты елді мекен, бір кездері Чапаев ауылы депте аталған. Тарихи атау. | Елді мекендер | |
2763 | | 39 | Талдыбұлақ ауылы | Талдыбұлақ ауылдық округ орталығының атауы. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған | Елді мекендер | |
2764 | | 40 | Аңқаты ауылы | Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты елді – мекен атауы. Өзенінің атауымен үндес Батыс Қазақстан облысы, Сырым, Ақжайық аудандарынан өтіп, Шалқар көліне құятын өзен Тарихи атау. Түркі – моңғол тіл бірлестігі кезеңінде қалыптасқан. | Елді мекендер | |
2765 | | 41 | Сегізүй ауылы | Сырым ауданы, Шолақаңқаты ауылдық округіндегі елді – мекен атауы. Өңірде орын алған оқиғаларға байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
2766 | | 42 | Қарақұдық ауылы | Талаптан колхозының орны Жием тана руы қоныстанған мекен. | Елді мекендер | |
2767 | | 43 | Қызылтаң ауылы | Сарыой ауылдық округіндегі елді – мекен атауы. Советизм | Елді мекендер | |
2768 | | 44 | Тоғанас ауылы | Шолақаңқаты ауылдық округінің орталығының атауы. Ауыл адам есімімен аталған. Тоғанас – қалмақтың ауқатты адамы деген сөз бар. Кеңестік заманда ол Правда газеті атындағы совхоз болған. | Елді мекендер | |
2769 | | 45 | Қарағанды ауылы | Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты елді – мекен. Топонимдік мағынасы: «қарағаны көп, қараған бұтасы қалың жер» дегенді білдіреді. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған | Елді мекендер | |
2770 | | 46 | Құспанкөл ауылы | Шолақаңқаты ауылдық округіндегі елді – мекен атауы. Құспанғали есімді дамның атымен аталған. | Елді мекендер | |
2771 | | 47 | Жырақұдық ауылы | Қособа ауылдық округіндегі елді – мекен атауы. Өңірде орын алған оқиғаларға байланысты пайда болған. | Елді мекендер | |
2772 | | 48 | Қособа ауылы | Сырым ауданы, Қособа ауылдық округі орталығы, ауыл атауы. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған | Елді мекендер | |
2778 | | 49 | Мағжан Жұмабаев көшесі | Атауы берілуі ұлы тұлғаның есімін ұлықтау бағытында қойылған бұрыңғы көше атауы 3-ші көше | Көше | |
2783 | | 50 | Қайрат Рысқұлбеков көшесі | Атауы 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігіндегі тарихи таңбаланған тұлғаның атымен берілді. | Көше | |
2809 | | 51 | Абай Құнанбаев көшесі | Атау қазақтың Ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлының құрметіне берілген. | Көше | |
2921 | | 52 | А.Молдагулова көшесі | Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батырының құрметіне берілген | Көше | |
2922 | | 53 | Абай көшесі | Атау қазақтың Ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлының құрметіне берілген. | Көше | |
2923 | | 54 | Алаш Орда көшесі | Күнбасты Алашорда үкіметі Жымпиты ауылында құрылуына орай берілген | Көше | |
2924 | | 55 | Амангелді көшесі | Амангелді Үдербайұлы Иманов – қазақ халқының батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігінің құрметіне берілген. | Көше | |
2925 | | 56 | Асадуллин көшесі | Асадуллин Хамит – Совет өкіметі мен уездік партия комитетінің алғашқы басшыларының бірі. РКСМ уездік комитетінің хатшысының көше атауы беріліген. | Көше | |
2926 | | 57 | Б. Момышұлы көшесі | Бауыржан Момышұлы – әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Қазақстанның Халық қаһарманының құрметіне берілді. | Көше | |
2927 | | 58 | Б.Майлин көшесі | Майлин Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы - жазушының құрметіне берілген | Көше | |
2928 | | 59 | Байжанов көшесі | Байжанов Аппақ (Апақ) , Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірдін аты берілген. | Көше | |
2929 | | 60 | Бейбітшілік көшесі | Еліміздегі ұлтар татуластығын меңзейтін бейбітшілік атауы берілген | Көше | |
2930 | | 61 | Есенжанов көшесі | Есенжанов Хамза Ихсанұлы (25,12,1908, Ақжайық ауданы – 05,12,1974, Алматы) – жазушы, Қазақстан мемлекеттік сыйлықтың лауреаты көше атауы берілді. | Көше | |
2931 | | 62 | Ж. Молдагалиев көшесі | Жұбан Молдағалиев (05.10.1920, бұрынғы Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы - 1989, Алматы қаласы) - ақын, Қазақстанның Халық жазушысы (1985), КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреатының құрметіне берілген | Көше | |
2932 | | 63 | Ж.Досмухамедов көшесі | Досмұхамедов Жаһанша – 1885 жылы қазіргі Сырым ауданының Бұлдырты ауылы, Тамды өзенінің бойында дүниеге келген. Көрнекті мемлекет, ұлт қайраткері, алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, саясаткерінің құрметіне берілген | Көше | |
2933 | | 64 | Жамбыл көшесі | Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршының көше атауы берілген. Атау берілген жөнінде нақты дереккөздер жоқ. | Көше | |
2934 | | 65 | Жолдыбаев көшесі | Жолдыбаев Молдағали - қоғам қайраткері, педагог, журналист. 1937 жылы желтоқсанда бұрын Алаш қозғалысына қатысқаны үшін “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, 1938 жылы ақпанда ату жазасына кесілді. Алаш қайраткерлерімен бірге ақталған. | Көше | |
2935 | | 66 | Жонисов көшесі | Жонысов Сәбит Жонысұлы 1929-1979 ж.ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті азамат көше атауы берілген. | Көше | |
2936 | | 67 | Жұмағалиев көшесі | Жұмағалиев Абдолла (1915 жылы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының Жосалы ауылында дүниеге келген – 1942) – ақынның құрметіне берілген. | Көше | |
2937 | | 68 | Исаев көшесі | Исаев Ораз Жанұзақұлы (1899-1938) - кеңестік мемлекеттік, саяси қайраткердін аты қойылды. | Көше | |
2938 | | 69 | Маметова көшесі | Көше атауы Кеңес Одағының батыры, қаһарман қазақ қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың құрметіне берілген. | Көше | |
2939 | | 70 | Мендалиев көшесі | Меңдәлиев Кенжебек 1914 ж. бұрынғы Жымпиты ауданында дүниеге келген - Казталов ауданы Жалпақтал ауылы) қоғам қайраткері, Социалистік еңбек ері (1971). | Көше | |
2940 | | 71 | Мұхит көшесі | Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлы, халық композиторы, әнші-ақын, күйші, домбырашы. | Көше | |
2941 | | 72 | С. Сейфуллин көшесі | Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткерінің құрметіне берілген | Көше | |
2942 | | 73 | С.Датов көшесі | Көше атауы Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен Сырым Датұлының құрметіне берілген. | Көше | |
2943 | | 74 | Сатаева көшесі | Сатаев Есенжан Сырым ауданында еңбек еткен, «Социалистік Еңбек Ері , «Құрмет белгісі» орден иегірінің атымен қойылған | Көше | |
2944 | | 75 | Сағырбаев көшесі | Көше атауы қазақтың ұлы күйші-композиторы, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының құрметіне берілген. | Көше | |
2945 | | 76 | Шоканов көшесі | Көше атауы қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушысы, тарихшысы, фольклоршысы, этнографы, географы, ағартушысы Шоқан Уәлихановтың құрметіне берілген. | Көше | |
2946 | | 77 | Қажмұхан көшесі | Қажымұхан (Мұхан) Мұңайтпасұлы - французша және еркін күрестерден көптеген халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, әлемдік спорт аренасына шығып, шет елдердегі жарыстарда атақ – даңққа бөленген тұңғыш қазақтың палуанының құрметіне берілген | Көше | |
2947 | | 78 | Қазақстан көшесі | Елдің атауының қойылған. Атау берілген жөнінде нақты дереккөздер жоқ. | Көше | |
2948 | | 79 | Қаратаев көшесі | Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы Қаратөбе ауданы, Ақбай ауылында дүниеге келген – 26.08.1934. Қазақ АКСР – інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ – Бүкіл қазақстандық съезінде делегат болып қатысқан. Атау берілген жөнінде нақты дереккөздер жоқ. | Көше | |
2949 | | 80 | Қолғанатов көшесі | Қолғанатов Нұрғали . «Социалисік Еңбек ЕріҚазақ ССР, Социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері атағы берілді. | Көше | |
2950 | | 81 | Құрбанғали Сүйірбаев көшесі | Сүйірбайұлы Құрбанғали Сырым елінің оқу-ағарту саласының көш басында тұрған ұстаздардың ұстазы | Көше | |
2951 | | 82 | Әбілхайрхан көшесі | Әбілқайыр (Әбілқайыр хан) (1693-1748) - хан, қолбасшы, 1718-1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханның көше атауы берілген. | Көше | |
2952 | | 83 | Әйтеке Би көшесі | Әйтеке - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткерінің көше атауы берілген. 23.06.2015 ж№ 65 шешіммен берілген. | Көше | |
2953 | | 84 | Әлібек көшесі | Әлібеков Ғұбайдолла (Ғабдолла) - мемлекет қайраткерінің атымен берілген. | Көше | |
2954 | | 85 | Әлмұхамбет Оспанов көшесі | 2010 жылы Қаратөбе көшесінің атауы «Алаш» белсенді қолдаушысы «Әлмұхамбет Оспанов атындағы көше» берілді. | Көше | |
2955 | | 86 | Өребаев көшесі | Өребаев Әлмұхамбет Жәкейұлы - Қазақ ССР–не еңбегі сіңген мұғалім, «Ленин» орденінің иегерінің құрметіне берілген. | Көше | |
2998 | | 87 | Есмадияр Көрпеев көшесі | ҰОС-ның ардагердің құрметіне қойылған. | Көше | |
5799 | | 88 | Сырым ауданы кіре берістеріндегі сілтемелер | | | |