url | Мәртебесі | № | Атауы | Сипаттама | Түрі | Карта |
1378 |  | 1 | Е.Ғабдрахманов көшесі | Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерінің иегері Еленбай Ғабдрахмановтың құрметіне аталған. | Көше | |
1379 |  | 2 | Р.Малабаев көшесі | Ақын, жазушы, драматург, фольклор жинақтаушы Рахметжан Малабаевтың құрметіне аталған | Көше | |
1380 |  | 3 | Р.Елешов көшесі | Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері – Рақымжан Елешовтың құрметіне аталған. | Көше | |
1381 |  | 4 | Ғ.Құрманғалиев көшесі | ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші, Қазақ КСР халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтың құрметіне аталған. | Көше | |
1382 |  | 5 | Б.Қаратаев көшесі | Алғашқы қазақ заңгері, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы-демократ, жерлесіміз Бақытжан Қаратаевтың құрметіне аталған. | Көше | |
1383 |  | 6 | Қарақамыс көшесі. | Мемлекеттік тілдегі атау. Өңірдің табиғат ерекшелігіне байланысты пайда болған. | Көше | |
1384 |  | 7 | Мұхит көшесі | Халық композиторы, күйші, домбырашы, Мұхит Мерәліұлының құрметіне берілген | Көше | |