Қаратөбе ауылы
Қаратөбе ауданының негізі 1928 жылы құрылған. Қаратөбе ауданы - облыстың оңтүстік шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Атырау облысының Қызылқоға, Ақтөбе облысының Ойыл аудандармен шектесіп жатыр. Жерінің аумағы -10,0 мың ш м2. Аудан жері Орал маңы үстірті мен Каспий маңы ойпатының солтүстік шығыс бөлігін қамтиды. Ауданның ең биік жері солт.-шығысында (Қалпақтау, 244 м). Солтүстік шығыстан бастап, оңтүстік батысқа қарай біртіндеп төмендеуі байқалады. Егіндікөлдегі Аққұм алқабы төменгі жер деңгейінен 100 - 140 метр биікке орналасқан. Жері негізінен қызыл қоңыр топырақты, оңтүстігінде аздап сор, сортаң топырақты жерлер кездеседі. Аудан аумағынан 242 шақырымды құрайтын Қалдығайты өзені ағып жатыр. Ауданның климаты тым континенттік, солтүстігі қоңыржай континентті ылғалы тапшы зонада орналасқан. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтарда орташа температура - 14,40 С, шілдеде +24,30 С. Қыс ерекшелігі бойынша қатал. Оңтүстігі қоңыржай континентті, жазы жылы, құрғақ климатты зонада орналасқан.Аудан орталығы Қаратөбе ауылында орналасқан. Облыс орталығымен ара қашықтығы - 260 шақырымды құрайды.