Казталовка ауылы
Аудан 1928 жылы құрылған. Халық саны 2018 жылдың 1 сәуіріне – 29238 адам. Жер көлемі – 1860581 га. Казталов ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік - батыс аумағында орналасқан. Оңтүстігінде Нарын құмына шектесе Бөкей ордасы, оңтүстік - батысында Жәнібек, батысында, солтүстік батысында Ресейдің Саратов облысы Александров-Гай, солтүстігінде Тасқала, солтүстік-шығысында Ақжайық, шығысында Жаңақала аудандарымен шектеседі.
Аудан құрамына 16 әкімшілік-аумақтық бөлініс кіреді: Казталов, Қараоба, Тереңкөл, Бірік, Бостандық, Қошанкөл, Қайыңды, Болашақ, Жалпақтал, Қараөзен, Ақпәтер, Қарасу, Талдыапан, Талдықұдық, Жаңажол, Көктерек ауылдық округтері.
Аудан орталығы – Казталов ауылы. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық - 330 км.