Жаңақала ауылы
Аудан 1930 жылы құрылған. Жаңақала ауданы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданның аумағы 20,8 мың шаршы км тең. 2017 жылдың 1 қаңтарына ауданның халқы 24311 адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 1,2 адамды құрайды. Ауданнан бірнеше өзен ағып өтеді, олар: Үлкен Өзен - ұзындығы 70 км, Кіші Өзен - ұзындығы 60 км, Көшім - жалпы ұзындығы - 90 км, Мұқыр -ұзындығы 25 км.
Аудан орталығы 1972 жылы құрылған Жаңақала кентінде орналасқан, аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық - 252 км.
Аудан құрамына 9 әкімшілік-аумақтық бөлініс кіреді: Жаңақазан, Мәстексай, Жаңажол, Көпжасар, Меңдешев, Пятимар, Бірлік, Қызылоба және Жаңақала ауылдық округтері. Аудан орталығы – Жаңақала ауылы.