Сайқын ауылы
Аудан 1972 жылы Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде құрылған. Ауданның аумағы 19,2 мың км2 тең. 2018 жылдың 1 сәуіріне ауданның халқы 16 207 адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы (1 км2 аумақта) 0,8 адамды құрайды.
Аудан орталығы Сайқын ауылында орналасқан, аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық - 550 км.
Аудан құрамына 7 ауылдық округ кіреді: Сайқын, Орда, Мұратсай, Бисен, Темір Масин, Ұялы, Саралжын.