Переметное ауылы
Бәйтерек ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы 7,4 мың шаршы шақырымды құрайды.Орталығы Переметный ауылы облыс орталығы Орал қаласынан 38 шақырымда орналасқан. Ауданның әкімшілік-аумақтық орналасуы: 22 ауылдық округ, оның ішінде 68 елді мекен.
2017 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша халық саны 54,4 мың адамды құрады. 12 астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Аудан Ресей Федерациясының 3 облысымен Орынбор облысы (Первомай, Ташла аудандары), Самара облысы (Большечернигов ауданы) және Саратов облысы (Озинки, Перелюб аудандарымен) шектеседі.
Бәйтерек ауданы аумағынан 3 халықаралық дәрежедегі Самара-Шымкент, Уральск-Саратов, Атырау - Самара автомобиль жолдары және Киев-Москва, Ташкент-Саратов темір жолдары өтеді.
Бұл өз кезегінде Көлік-логистикалық орталығын құруға толық мүмкіншілік туғызып, облыстың, ауданның транзиттік, экспорттық, импорттық жүк тасымалына шекаралас сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына және энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында келіскен саясаттың жүргізілуіне екпін береді.
Ауданда жалпы білім беру және арнайы оқу орындары жүйесі жақсы дамыған. Ауданда 2 колледж, 46 жалпы білім беретін мектептер, соның ішінде 30 орта, 9 негізгі, 7 бастауыш және 1 кешкі мектебі бар. Сонымен қатар 2 саз мектептері, тәрбие процесін жүргізілетін орталығы, балалар туризм және экология орталығы, 48 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасауда. Бұлардың материалдық-техникалық базасы заман талабына сай нығаюда.
Бәйтерек ауданының рельефі - оңтүстігінде өзен-сайлармен, құрғақ аңғарлармен қиылысқан және солтүстігінде биіктігі 100 және одан аса метрлі толқынды жондардан (Үлкен Сырт су айрығы сілемі) тұратын ойпат жазықтарды құрайды.
Бәйтерек ауданы №1 ауыл шаруашылық аумағына кіреді -далалық, тұқым-мал шаруашылықты (облыстың солтүстік бөлігінде). Бұл аймақта тұқым, майлы дақылдар, мал азығы өндірісі, картоп және көкөніс, жеміс-жидек егістері шоғырланған. Мұнда мал шаруашылығының сүт бағытындағы шаруашылықтар, шошқа және өнеркәсіптік құс шаруашылығы мен ет-жүнбағытындағы қой шаруашылығы жақсы дамыған.
Жер асты пайдалы қазбаларын дамыту (мұнай, газ, су, қиыршықтас, саз, әктаст.б.). Жер асты тұщы су қорын мол. Ауданның қолайлы рельефін ескеріп, жел, күн энергиясын пайдалануға болады.
Бәйтерек ауданы аумағынан Еуразия материгін Еуропалық және Азиялық бөлікке жарып ағатын Жайық өзенінің өтуі туристік бизнесті дамытуға да өте қолайлы.
Аудан аумағында ерекше тарихи жерлер бар. Олардың бірі - Михаил Шолохов атындағы Дариян мұражай кешені