Ақсай қаласы
Бөрлі ауданы 1935 жылдың 30 маусымында құрылған, қазіргі шекаралар бойынша аудан 1965 жылы қалыптасты. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Облыстың үш ауданымен және солтүстікте Жайық өзені бойымен Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Аудан аумағы 5556 мың шаршы м. құрайды. 2016 жылдың 01 желтоқсандағы жағдайға қарағанда ауданда халық саны 55393 адам, соның ішінде – Ақсай қаласында – 38388 адам. Халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумақта) 9,8 адамды құрайды. Аудан аумағында 31 елді мекен бар, соның ішінде 14 әкімшілік-аумақтық бөлініс кіреді: Ақбұлақ, Александровка, Ақсу, Бөрлі, Бумакөл, Березов, Жарсуат, Кентүбек, Қанай, Қарағанды, Пугачев, Приурал, Успен ауылдық округтері және Ақсай қаласы. Аудан орталығы Ақсай қаласында орналасқан. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық 140 км.