Орал қаласы
Орал – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өнеркәсіптік, тарихи және мәдени орталығы. Орал қаласы Каспий ойпатының солтүстік бөлігінде, сұлу жазық далада орналасқан. Ол Қазақстан Республикасы шегіндегі ұзындығы 1082 км. болатын Орал өзені орташа ағысының оң жағалауында және Шаған өзенінің төменгі ағысының сол жағалауында орналасқан. Қаланың аумағы қала маңын қосқанда 700 км2 астам. Халық саны – 306,974 мың адамды құрайды, соның ішінде 83 түрлі ұлт өкілдері бар. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 10-1 шешіміне сәйкес, қалаға Желаев селолық округі, Зашаған кенті, Круглоозерный кенті қарайды.