Жәнібек ауылы

Жәнiбек ауданы 1922 жылы құрылған. Облыс орталығынан оңтүстiк-батыс жағында 454 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумағы 8,2 мың шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 17405 адам мекендейді. Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы 9 ауылдық округтен тұрады.Табиғи-климаттық жағдайы бойынша құрғақ, жартылай шөлейт аймаққа жатады. Автокөлiк жолдары 319 шақырымды құраса, соның ішінде 49 шақырымы қара жол, 188 шақырымы қиыршық тас төселген жол және 82 шақырым грунттық жол. Жәнібек ауданы Ресей Федерациясының Волгоград пен Саратов облыстарымен және Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда мен Казталов аудандарымен шекералас