Чапаев ауылы

Ақжайық ауданы 1997 жылы бұрынғы Чапаев және Тайпақ аудандарының біріктірілуі негізінде құрылған облыстағы ірі аудандардың бірі. Аудан Батыс Қазақстан облысының орталық бөлігін алып жатыр. Аумағы - 25,7 мың шаршы км. Тұрғыны - 42360 адам. Орташа қоныстану тығыздығы - 1 шаршы км-ге 1,7 адам. 52 елді мекеннің басым бөлігі Жайық өзенін жағалай орналасқан. Орталығы - Чапаев ауылы. Аудан құрамына 18 әкімшілік - аумақтық бөлініс - Ақжол, Ақсуат, Алмалы, Алғабас, Базартөбе, Базаршолан, Бударин, Есенсай, Жаңабұлақ, Жамбыл, Қабыршақты, Қарауылтөбе, Қурайлысай, Көнеккеткен, Мерген, Сарытоғай, Тайпақ, Чапаев ауылдық округтері кіреді. 21 ұлт өкілі тұрады.