Жымпиты ауылы

Аудан өңірінің аумағы 11,9 мың шаршы километр, тұрғындар саны - 19,1 мың адам. Аудандағы 38 елді - мекен, 12 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген. Орталығы - Жымпиты ауылы Өлеңті өзенінің жағасында орналасқан. Аудан халқының басым көпшілігі - қазақтар. Экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына жарамды жері 1122365 гектар болса, соның ішінде егістігі 18,7 мың га, тыңайған жері 164272 га, жайылым – 895,6 мың га, шабындығы 43,7 га, орманы 5,1 мың гектарды құрайды.